«Киелі География» халықаралық онлайн-конференциясы
Уақыт пен кеңістікті зерттеудің көп салалы тәсілдері
25-26 Қыркүйек 2020 ж.

 

Бұл конференцияның мақсаты - дінтану, мәдени антропология, археология, тарих және т.б. салаларын киелі ландшафттарды, діни обьектілер мен діннің кеңістіктік өлшемдерін зерттеудегі көп салалы тәсілдерін талқылау. Конференция көптеген тақырыптарды, аймақтарды, діни дәстүрлерді, ландшафт пен кеңістіктің теориялық және аналитикалық парадигмаларымен байланысты әдіснамалар мен технологияларды қамтиды. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Қытай, АҚШ, Франция, Германия, Чехия, Австралия, Сингапур сияқты елдерден діни дәстүрлерде жерлер мен кеңістіктің рөлін зерттеуде жаңа әдістемелерді қолданатын гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың зерттеушілері қатысады. Конференцияда педагогика, туризм мен мәдени мұраны сақтау саласындағы GIS картографиясы, фотограмметрия, электронды атлас, сияқты технологияларды қоса алғанда сандық гуманитарлық немесе әлеуметтік компоненттері бар жобалар ұсынылады. Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысу туралы толық ақпарат кейінірек орналастырылады.