Мәліметтер базасы, аналитика және ақпарат көздері туралы


 

Бұл электрондық ресурс - далалық зерттеулер кезінде және әртүрлі ашық дереккөздерді пайдалана отырып жинаған мәліметтерге негізделген. Бұл мәліметтердің барлығы электронды картамен байланыстырылған бірыңғай базада жинақталған. Деректер қоры жаңа сипаттамалық жолақшаларды қоса отырып сандық және сапалық жағынан үнемі жаңарып отырады. Әрбір объекті бірқатар санаттарда сипатталады: атауы, әкімшілік тиістілігі, түрі, діни дәстүрге жататындығы, құрылған күні немесе өмір сүру уақыты мен белсенді жұмыс істеген уақыты, берілген құқықтық мәртебесі, объектіден жақын елді мекенге дейінгі арақашықтығы мен сол елді мекеннің атауы, діни құрмет көрсету түрі, сайтта объектінің паспорты, объектінің координаттары болуы және осы координаттардың дәлдігін 1-ден 5-ке дейінгі шкала бойынша бағалау. Егер объектіге 1 деген баға берілсе, онда бұл нүктелер GPS трекері немесе смартфон арқылы объектіден алынған немесе жоғары дәлдікпен Google немесе Yandex карталарында табылған, 2 - объектіден 1 км радиуста табылған немесе электронды картада жақын жердегі бағдарлармен табылған нүктелер, 3 - объектіден 1-5 км қашықтықта орналасқан немесе электрондық карталарда шамамен бағдарлап табылған нүктелер, 4 - Google немесе Yandex карталарынан шамамен алынған сипаттамалар бойынша алынған, сенімділік деңгейі төмен нүктелер, 5- Google немесе Yandex карталарынан шамамен алынған сенімділік деңгейі өте төмен нүктелер

Назар аударыңыз: картада және мәліметтер базасында табылған координаттар әрдайым дәл бола бермейтінін және навигация ретінде қолданылмайтынын есте сақтаңыз!

Тиісті бөлімде 2020 жылдың 1 тамызындағы мәліметтер базасында болған мәліметтерге негізделген аналитикалық диаграммалар мен графиктерді ұсынамыз. Статистикалық визуализациялардың әр-түрлі дәлдіктегі мәліметтерге негізделгендіктен, олар тек жалпы көріністі бейнелейтіндігін есте сақтаған жөн.

Диаграммаларды қоғамдық жерде пайдаланғанда жоба мен сайтқа сілтеме қажет.

«Дереккөздер» бөлімінде біз мәліметтер базасы мен электронды картаны құруға пайдаланылған ашық дереккөздерге сілтемелер орналастырдық. Ақпарат көздеріндегі ақпараттың дұрыстығына жауап бермейміз.