Атауы: Объект 1909 жылы шіркеу салынғанға дейін ауызекі тілде «Қасиетті бұлақ» деп аталған. Шіркеудің ашылуына арналған тақташада: «Өмір беретін бұлақ» ең әулие және ең қасиетті Құдай Ана мен Мария Бикештің құрметі мен оны еске алуға арналған» деп жазылған. Шіркеу белгісіз ерте кеңестік кезеңде жойылды. Шіркеудің іргетасы қалануының құрметіне арналған ескерткіш тақташа табылғаннан кейін, Астана мен Алматы митрополиті Мефодий (Немцов) осы жерде жаңа шіркеу салуға бастама көтерді, ол «Құдай Анасы иконасының құрметіне арналған шіркеу «Өмір беретін бұлақ» деп аталды.
Объект түрі: Шіркеу және ашық аспан астындағы купель
Негізін қалаушы: Түркістан және Тәшкен епископы Димитрий (Абашидзе) 1906 жылдан 1912 жылға дейін; Астана мен Алматы Митрополиті Мефодий (Немцов) 2003 жылдан 2010 жылға дейін, Иеромонк Глеб (Жартовский), 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін діни қызметкер.
Негізі қаланған уақыт пен жағдай: Қасиетті бұлақты шіркеу билігі мойындамай тұрып-ақ, оны жергілікті православиелік қауымдар қастерлеген. Түркістан мен Тәшкен епископы Димитри (Абашидзе) 1909 жылы осы жердегі алғашқы шіркеуді киелі етті. Астана мен Алматы митрополиті Мефодий (Немцов) 2009 жылы жаңа шіркеуді киелі етті. Көрші Космос ауылында өскен Иеромонк Глеб (Жартовский) қасиетті орынды қалпына келтіруге қатысып, жұмыс істеп тұрған діни кешеннің құрылысын басқарды, ол бұл жерде 2007 жылдан бері өзі діни қызметкер болды.
Пайдаланылған кезең: Қасиетті бұлақ қастерлене бастаған ертерек уақыт туралы жазбалар жоқ. 1909 жылы бұлақтың басына шіркеу салынып, қасиетті саналып, 1908 жылы Верныйда (қазіргі Алматы) құрылған Иверо-Серафим әйелдер монастырінің монах әйелдеріне берілді.
Қасиетті бұлақтың жанында жазғы тұрғын үйлер салынды, онда тұрған монах әйелдер монастырь малын жайылымда бақылап, бұлақты қасиет тұтып, оның емдік қасиеттерін алуға келген алуға келгендерге көмектесе алатын.
Шіркеу қасиетті бұлақтың дәл үстінде салынған болатын. Негізгі су қоймасы шіркеудің ортасында жатты, одан су құбырлар арқылы купельге ағып келетін. 1914 жылы 6 маусымда епископ Димитрий Иверско-Серафим әйелдер монастырінен шейіт Параске́ва Пя́тница ғибадатханасына бағыт алған бірнеше мың адам қатысқан иконалар шеруіне қатысты. Келесі күні ол таңертең қасиетті бұлаққа құдайға қызмет ету және ғұрыптық шомылдыру рәсімі үшін келді, содан кейін казактардың Надеждинск ауылына бет алды. Атаман оған мұндай шеру 1860-шы жылдардан бастап, олардың қауымдастығын шегірткелерден арылтқандығы үшін Құдайға ризашылық ретінде жыл сайын өткізіліп келе жатқанын айтты. Шіркеу 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қиратылды, бірақ нақты қитратылған жылы белгісіз. Купельдің ағаш қаңқасын, Глебтің айтуынша, бұлақ әскерге пайдалы тұщы су көзі ретінде анықталғанға дейін және экскаватормен қазылғанға дейін ешкім тиіспеді. Шіркеу билігі қасиетті орынды қалпына келтіруге қызығушылық танытқан кезде, Глеб ә. діни қызметке алынбай тұрғанда, бұлақты ашуға көмектесіп, оны тазартуға қатысты. Ондаған жылдар бойы қоқыстарды тазарту барысында ескі купельдің ағаш тақтайлары табылды, олар кептіріліп, жаңа шіркеудің альтарын салуға пайдаланылды. Бастапқы шіркеудің дәріптелгенін көрсететін қола тақта да табылды. Ақырында, 1860-шы жылдардан бастап 1990-шы жылдарға дейін әр онжылдықта пайда болған көптеген тиындар табылды, бұл жергілікті дінге сенушілердің ғасырдан астам уақыт бойы және бүкіл Кеңес Одағы кезеңінде бұлақты қастерлегендіктерін көрсетеді.
Бізге белгілі тарихи дереккөздер Өмір беретін бұлақтың тарихын толықтай көрсетпейді. Бұл жергілікті қасиетті объект туралы сирек мәліметтер оны ресми шіркеу мойындаған қысқаша кезең арқасында ғана сақталып қалды.
Дегенмен де, бұлаққа епархиялық топтар оның қасиеттілігін мойындамаса да табынған. Кеңес үкіметі кезінде осы объектінің айналасындағы діни практика туралы ақпарат өте аз болса да, бұл жердің қасиеттілігін мойындау сол кездегі халықтық православие дәстүрін зерттеу туралы деректерге қарағанда ауқымды болғандығын көрсетеді. Бұл қасиетті орын православие тамырының Қазақстанда кез-келген империялық мекемелерге немесе саяси идеологияларға қарағанда анағұрлым тереңде жатқандығының мысалы бола алады.
Негізгі қызметтері: Қасиетті бұлақ – адамдар қадір тұтып келетін қасиетті орын. Православие христиандары оған Алматыдан автобуспен барады, шіркеудегі литургияға қатысады және купельде шомылады. Глеб ә. кедейлік пен жаман әдеттерге тәуелділіктен зардап шеккен адамдарды тамақ пен баспанамен қамтамасыз етеді, бірақ олар бұл үшін үй шаруасымен айналысып, жаман әдеттерден аулақ болып, тәуелділіктен арылулары тиіс. 2019 жылдың 11 мамырындағы жағдай бойынша ол мұқтаж болған тоғыз адамға қолдау көрсеткен.
Діни бағыты: Барлық мұрағаттық деректер бұл орынның бүкіл тарихында канондық Шығыс Православие Шіркеуімен байланысты болғандығын көрсетеді.
Негізгі тарту орталығы: Ішкі және сыртқы купельдер арқылы бұлақ қасиетті орынды қадір тұтып келушілер үшін қыста да, жазда да қол жетімді. Шіркеу литургия мен діни мерекелерді тойлау үшін пайдаланылады.
Жоспары: Шіркеу, жабық купельді кішкене шіркеу және діни қызметкердің үйі бір-біріне жақын орналасқан. Ашық купель осы ғимараттардың жанында, кішігірім сайда құлшылық етуге арналған тоған, сондай-ақ ерлер мен әйелдер үшін жабық тоғандардар бар.
Бақшалар мен жүзімдіктер діни қызметкерлер мен мұқтаж келушілерді тамақпен қамтамасыз етеді.
Ландшафттың ерекшеліктері: Бұл жер саванналы-далалы ортада орналасқан, одан з әрі зор әсер қалдыратын Алатау тауы ашылады.
Қазіргі кездегі жағдайы: Шіркеу, кішкене шіркеу, купельдер және тұрғын үй пайдаланылуда. Кейбір құрылыс жұмыстары аяқталуда. Ғибадат етіп келгендерге жатар орын берілмейді, тамақ сыртта беріледі.
Қауіп-қатер: Объектіні қаржыландыру тұрақсыз және толығымен қажылыққа келгендер мен діни қауым мүшелерінің ерікті қайырымдылық қаражаттарына толығымен тәуелді. Осы қаржыландыру көзінің жоғалуы немесе одан бас тарту объектіні ұстап тұруды қиындатуы мүмкін.
Жақын елді мекен: Космос елді мекені объектіден оңтүстікке қарай 6 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласы оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдай жерде орналасқан.
Басқа объектілер : Бұл жердің жанында маңызды діни немесе тарихи ескерткіштер жоқ.
Жол: Бұл жер Космос ауылымен 2008 жылы ғана жүргізілген сапасы нашар топырақ жолмен байланысқан.
Артефактілер мен қолжазбалар: Глеб ә. жаңа шіркеудің альтарын салу үшін түпнұсқадағы купельдің тақтайшаларын пайдаланды. Сондай-ақ, бұл кісіде бұлақ көзінен табылған, 1860-1990 жылдардың әр онжылдығында пайда болған көптеген тиындар бар.
Сонымен қатар, алғашқы шіркеудің негізі қаланғанын көрсететінін қола тақта бар, онда мынадай деп жазылған: «Әкенің, Ұлдың және киелі рухтың атынан, бұл шіркеудің негізі «Өмір беретін бұлақ» деп аталатын біздің ең әулие және ең қасиетті Құдай Ана мен Мария Бикештің қасиетті бейнесінің құрметі мен оны еске алу мақсатында қаланды, ең тақуа және билігі шексіз Ұлы Әмірші біздің Император Николай Александрович билік құрған кезде және Түркістан мен Тәшкен епископы, көрнекті Димитрий 7417 жылы әлемнің жаратылуынан және жүзеге асқан Құдай сөзі дүниеге келгеннен бастап діни қызмет атқарған уақыттарда қаланған, 1909 жылдың 25 қазаны».
Ағымдағы жағдайды бағалау: Шіркеу кешені және ол ұсынатын литургиялық және әлеуметтік қызметтер шіркеуге келушілердің берген қайыр-садақалары арқасында толықтай қамтамасыз етіледі. Ол Қазақстанның Православие шіркеуінен көмек алмайды және Астана мен Алматы епархиясына табыс салығын төлеуге жауапты.
Инвестиция жөнінде ұсыныстар: Объект оны қасиет тұтып келушілердің қайыр-садақасына тәуелді болғандықтан оны Космос ауылымен байланыстыратын жолды тез арада жөндеу қажет. Сонымен қатар, келушілер тамақтанып, түнеп шығатындай баспана өте қажет. Сантехникасы бар дәретханалар да керек. Глеб ә. объект экспонаттарына арналған шағын мұражай ашуды жоспарлап жүр, бірақ бұл үшін қаржы таба алмай отыр.