Қалжан-ахун мешіті мен медресесі. Паспорт объекта


 

- Толық сипаттама

- Фотогалерея

- Қолжазбалар

- Карта

- Материалдар

 


Толық сипаттама

 

Атауы: Қалжан Ахун мешіті мен медресесі.

Объект түрі: Мешіт кешені, медресе және мазар

Негізін қалаушы: Қалжан Бөлекбайұлы (Қалмұхамед) Ахун (1862-1916). Қалжан Ахун (1862-1916) «... Хиуа хандығында дүниеге келген. Оның әкесі Бөлекбай Ақтөбе облысы, Жаманқарғалы ауылының табын руынан шыққан. Жас кезінде Қарақалпақстандағы туыстарында қонақта жүрген ол ханның қарауына жұмысқа алынып, жоғары лауазымды қызмет атқарды. Ол тек батыр және сол жерлерде өмір сүрген қазақтардың көсемі ғана емес, әйгілі емші де болған. Ол 90 жасында қайтыс болды. Оның ұлы Қалжан ол кезде он үш жаста еді. Жас жігіт сол кездер бойынша жақсы білім алды. 27 жасында Хиуа мен Бұхара медреселерінің алғашқы сатыларынан кейін ол Көкілташ медресесін бітіріп, «ахун» атағын алды, бұл оның шешендердің бірі болғандығын көрсететін (2).

1890 жылы Қалжан ахун Бұхара медресесінде бірге оқыған Кете Шөмекей Ораз Имамның шақыруымен Сырдарияның төменгі сағасына келіп, осында мәңгі тұрақтап қалады. Ол ағартушылық қызметпен айналысады, мешіт ашады, қарапайым шаруа балаларына оқу мен жазуды үйретеді.

Негізі қаланған уақыт: Іргетасы 1913 жылы қаланды - құрылысы 1916 жылы аяқталды.

Негізгі тарту орталығы: бұрын мешіт пен медресе орналасқан жұмыс істемейтін қалпына келтірілген ғимараттар.

Жоспары: Таспен қоршалған мешіт пен медресе ғимараттары, мазар, Қалжан Ахун мен оның отбасы мүшелерінің қабірі, Қалжан Ахун отбасы үйінің қирандылары. 

Қасиетті объект – ішкі ауласы бар тікбұрышты ғимарат. Алдыңғы жақтағы ғимарат – құм түстес кірпіштен салынған, орталық қақпаның оң жағында мешіт орналасқан. Қалжан Ахун мешіті мен медресесі ғимаратының қалған тікбұрышты бөліктерінде бөлмелер орналасқан, онда шәкірттерге арналған діни сабақтар өткізілетін. Сынып бөлмелерінің немесе хужралардың саны жиырма (1). Бұл кешен, әсіресе ауланың сыртқы және ішкі қабырғалары, шатыры мен ішкі ауласының қабырғалары толық жөндеуден өтті. 

Бұрын Қалжан Ахунға тиесілі болған және оның қонақтарды қабылдайтын немесе мүмкін сабақ өткізілетін орын болған ғимарат қазір Қалжан Ахун мен оның отбасы мүшелерінің мазарына айналды және мешіт пен медресе ғимаратынан бөлек орналасқан және соншалықты қатты қайта жөндеуден өтпеген. Бұл қоғамдық ғимараттан алыс емес жерде Қалжанның үлкен бақшасы бар бұрынғы жеке резиденциясы орналасқан. Бақ медресе шәкірттері үшін экономикалық көмек болды және вакуф иелігінде болды.

Ең жақын елді мекен: Объект Қызылорда облысы Тереңөзек ауданының Қалжан Ахун ауылынан 17 шақырым жерде орналасқан.

Негізінің қалану жағдайлары: Қалжан Ахун медресесінің негізі 1906 жылы құрылды. Кейінірек Қалжан Ахун өз қаражатына медресе салдырды (3). Құрылыс 1916 жылы аяқталды. Медресе мен мешіт ғимараты салынып біткенше Қалжан Ахун өзінің прозелитикалық және ағартушылық қызметін қазір сақталған бөлменің  айналасында өткізетін болған (4), бұл жерде қазір Калжан Ахунның өзі және оның отбасы мүшелері жерленген. Медресенің жанында әулиенің сазбалшықтан салынған үй және бау-бақшасы мен шаруашылығы бар қоршалған ауласы бар резиденциясы болды. 

Пайдаланылған кезең: Мешіт пен медресенің ғимараттары қысқа мерзім ғана, 1916 жылдан бастап жабылғанға дейін  пайдаланылды, бұл 1930 жылдары КСРО-да дінге қарсы күрестің шарықтау кезеңінде болса керек. 1937 жылдан кейін медресе ғимараты Қиыр Шығыстан жер аударылған корейлерді уақытша ұстау лагері ретінде қолданылғаны ғана белгілі. Қалжан Ахун Хасанатулланың ұрпағының айтуы бойынша, одан ертеректе ғимарат құс фабрикасы және мал ауласы ретінде пайдаланылған. 1944 жылдан бастап медресе ғимаратында орта мектеп жұмыс істеді. Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, ғимарат соңғы кеңестік кезеңде қараусыз қалған. Ғимарат 2000 жылдардың басынан бастап біртіндеп қалпына келтіріле бастады. Соңғы жөндеу жұмыстары 2017-2018 жылдары өткізілді. Қабырғалардың сақталып қалған қалдықтары қалпына келтірілді. Ғимарат қазіргі уақытта бос және тұрақты қызметкер  жоқ. 

Негізгі қызметтері: Негізі қаланғаннан бастап ғимарат мешіт пен медресе ретінде жұмыс істеді, онда жергілікті тұрғындардың балалары исламдық діни білім берудің стандартты бағдарламасы бойынша білім алды (100 оқушыға дейін). Этнографиялық мәліметтерге сәйкес, медресенің оқу бағдарламасына география, математика және т.б. сияқты пәндер енгізілді, бұл мектептің жаңа әдістік (жадид) дәстүрге жатқандығын көрсете алады (4).

Тағы бір белгілі жайт, жақын жерде орналасқан Қалжан Ахунның жеке намазханасы оның кейбір шәкірттерінің оқитын орны болған. Қалжан Ахун Хасанатулла ұрпағының мәліметтері бойынша, бұл бөлмеде ахунның жеке кітапханасы орналасқан, ол 1960 жылдары Ленинградқа көшірілген. Ахунның өзі және оның отбасы медресеге жақын орналасқан резиденцияда тұрды. Резиденцияның айналасы мешітке тиеселі жер болса керек, сондықтан мектепті қаржыландыру үшін экономикалық мақсатта қолданылған.

Түркістандағы Яссауи атындағы университет жариялаған Қалжан Ахунға тиесілі жеке жазбалар бойынша, Қалжан Ахун діни жұмыстарға белсене араласып, әдеп-ғұрыптар мен рәсімдерді жіті қадағалаған. Мысалы, араб тіліндегі жазбалардың бірінде  (жылы көрсетілмеген) Қалжан Рамазан айында берілетін садақа (мұсылман садақасы) мөлшерін белгілегені айтылған. Бұл жазбаға сәйкес садақаның ақшалай мөлшері 1460 грамм дәнге немесе 2690 грамм сұлы, құрма немесе мейізге сәйкес келуі тиіс болатын (5). Бұл құжатта исламданудың ішкі аспектілері, кең таралған әдет-ғұрыптар мен рәсімдер көрсетілген. Сонымен қатар, Қалжан Ахун басқа да мұсылман дін өкілдерімен араб грамматикасы мен синтаксисінің ережелері, мұсылман фиқһының аспектілері және т.б. туралы хат алмасып тұрған (6).

Діни бағыты: сунниттік ислам, ханафи мазхабы

Негізгі тартымды орталығы: Тартымды орталықтары - мешіт-медресе кешені және Қалжан Ахун мен оның отбасы мүшелерінің мазары. Медресе - туристер мен зиярат етіп келушілер үшін ең қызықты ғимарат.

Жолы: Қызыл Орда маңындағы асфальтталған жолдың жағдайы қанағаттанарлық, бірақ Қалжан Ахун ауылына жақындағанда нашарлайды. 
Артефактілер мен қолжазбалар: Қызылорда қаласындағы облыстық мұражайынан табылған араб, парсы және түрік тілдеріндегі қолжазбалар жиынтығы.

Ағымдағы жағдайды бағалау: Жалпы алғанда, объект қанағаттанарлық жағдайда, дегенмен, мешіт ғимараты үнемі пайдаланылмағандықтан және ал медресе ғимараты мүлде пайдаланылмағандықтан жыл маусымдарында температураның күрт өзгеруі  мен қоршаған ортаның әсерінен біртіндеп бүліне бастайды. 

Инвестиция бойынша кеңестер:  ғимараттың бір бөлігін мұражай ретінде пайдалану ұсынылады. Сынып бөлмелерінің бір бөлігі мен медресе ауласын қалпына келтіре отырып, осы қасиетті кешен арқылы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі мұсылман білім беру мекемесінің өмірі мен қызметін көрсетуге болады. Қазіргі уақытта бұл мекемеге кемінде тұрақты қызметкерлер қажет.

  

Ұсынылатын ақпарат көздері:

Калжан-ахуна медресе. Памятники культуры Казахстана. https://silkadv.com/en/content/kalzhan-ahuna-medrese

Денисов К. Медресе и мечеть Калжана Ахуна. https://kzvesti.kz/kv/backissues/23975-medrese-i-mechet-kalzhana-ahuna.html

Кенжетаев Д. Т. Қалжан ахун дүниетанымының негiздерi. Жинақта «Қалжан ахун Бөлекбайұлының 150 жылдық мерейтойына арналған облысты ғылыми-танымдық конференция» Iнжу-Маржан, Алматы, 2012. 65-74 -беттер. 

Омаров Т. С. Қазақстанда Ислам дiнiнiң орныгуы: қазақ ишандардын қалыптастырудығы қызметi және Қалжан ахун. Жинақта  «Қалжан ахун Бөлекбайұлының 150 жылдық мерейтойына арналған облысты ғылыми-танымдық конференция» Iнжу-Маржан, Алматы, 2012. 114-127-беттер.

Жинақтағы құжаттың көшірмесі: «Қалжан ахун Бөлекбайұлының 150 жылдық мерейтойына арналған облысты ғылымиөтанымдық конференция» Iнжу-Маржан, Алматы, 2012. 180- бет.

Калжан-ахун . Казахстан. Национальная энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. Т. III. 102-бет.


Фотогалерея


Карта


Қолжазбалар


Қосымша қолжазбаларды мына жерден табуға болады.

Материалдар

Барлық материалдар келесі сілтеме бойынша қол жетімді

 

 

 

pkk.rosreestr.ru/arcgis/rest/services/PKK6/CadastreSelected/MapServer/export