Ақкөл Жайылмадағы Исабек Ишан кесенесі. Паспорт объекта


 

- Толық сипаттама

- Фотогалерея

- Қолжазбалар

- Карта

- Материалдар

 


Толық сипаттама

Атауы: Ақкөл Жайылмадағы Исабек ишан мазары (мазар кешені) 

Объект түрі: Исабек ишан, оның ұрпақтары мен қасиетті отбасының (қожа) туыстары жерленетін қасиеттң қожа руының кешені.

Негізін салушы: Исабек ишан (шамамен 1792-1871).

Негізі қаланған уақыт: нақты анық емес. Шамамен 1871 жылдан бастап.

Негізінің қалану жағдайлары: Исабек ишан кешені Екібастұз қаласынан 80 шақырым жерде, Әулие көл маңындағы Ақкөл Жайылма жерінде орналасқан. Ақкөл аймағынан бірқатар археологиялық құнды қазбалар (Алтын Орда дәуіріндегі мазарлар), қасиетті орындар және т.б. (1) табылған. Бірақ негізгі жұмыс істейтін объектілердің бірі – Исабек ишан кешені. Бұл қасиетті объект - кішігірім зират, оның негізгі объектілері: Исабек ишан жерленген үш күмбезді мазар, оның ұрпағы Жандарбектің (1907-1996) және Исабектің отбасының ХІХ ғасырдың аяғында және ХХ ғасырда қайтыс болған басқа өкілдерінің жерленген бір күмбезді мазары (2).

Этнографиялық мәліметтерге сәйкес, Исабек ишан шамамен 1871 жылы осында өз руынан алғашқы болып жерленген, бірақ оған дейін бұл жер Арғын тайпасының жергілікті руларының бірінің ата-бабасының зираты болған. Бұл ру Исабек ишанның рухани мәртебесі жоғары болғандықтан, тсы зиратты қасиетті қожа руына өз еркімен берген. Бастапқы Исабек ишан мазары саздан (сабаннан) салынған. Бұл ескі ғимараттан қоршаудың кішкене шеті ғана қалған. Бастапқы мазардың қалай салынғаны белгісіз. Исабек ишан мазарында үш адам жерленген: Исабектің өзі, содан кейін оның ұлы Нұрмұхаммед және інісі Мұхаммед Нияздың қабірлері (3) қосылды, сондықтан мазар бүгінгі күні үш күмбезді ғимарат.
 

Кеңестік кезеңде мазар, шамамен 50-ші жылдары, толықтай қалпына келтірілді, дәлірек айтсақ, Исабек ишан мен оның ұрпақтарының қабірінің үстіне жаңа мазар салынды (4). Кеңестік кезеңдегі мазар заманауи материалдардан салынды және кескіні жағынан ауылдың кәдімгі тікбұрышты үйі сияқты болатын. Бұл ғимарат қирап қалған сабаннан жасалған қабырғалардың үстіне тұрғызылды. Исабектің зиратына жақын жерде басқа да кесенелер немесе мазарлар біртіндеп көбейе түсті. 1996 жылы Исабек ишанның ұрпағы, осы аймақта әулие немесе қасиетті адам ретінде танымал болған Жандарбек қайтыс болды, оның қабірінің үстіне де қазіргі заманғы материалдардан жасалған бір күмбезді шағын мазар орнатылған.  

2011 жылы бұл кешен толықтай қалпына келтірілді Демеушілері Павлодар облысының іскер элита өкілдері және негізінен басқа қасиетті қожа руының өкілдері, Екібастұздан келген Абгужинов болды(5). Сондай-ақ, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынның қолдауымен Исабек ишан қоры құрылды. Бұл қор кеңес дәуіріндегі мазарларды бұзуға және жаңаларын салуға жеткілікті қаражат жинады. Қорға табыс жеке тұлғалардан да, әртүрлі компаниялардан да құрылыс материалдары мен жұмыс күші түрінде түсті. Құрылысты Павлодар облысының тұрғындары ерікті түрде жүргізді. 

Қазіргі үш күмбезді Исабек ишан мазары мен Жандарбектің бір күмбезді мазары дала белдеуіне тән емес материалдан - ақ ұлутастан жасалған. Бұл материал Маңғыстау түбегінен арнайы тапсырыспен алынды, ал жалпы мазарларды, зиярат етіп келушілер үшін жаңа зиаратхана мен қасиетті құдық салуға 2011 жылғы бағам бойынша 200 000 АҚШ доллар жұмсалды. Сондай-ақ, ұлутаспен жұмыс істеу үшін Өзбекстаннан (Қарақалпақстан) қолөнершілер тобы тартылды, олар Маңғыстаудың сәулеттік дәстүрлерін қолданды. Сонымен, Исабек ишан кешені басқа кешендерден өзгеше түрге ие болды. Осылайша, ХХ және ХХІ ғасырларда Исабек ишан кешені өзінің сәулеттік келбетін кем дегенде екі рет өзгертті. 
 

Кеңес дәуірінде діндарлықтың ашық көріністеріне тыйым салынып, зияратхана болмаған кезде, зиярат етіп келушілер машиналарында түнейтін. 2011 жылы маарды қалпына келтіру кезінде құрылысшылар мен демеушілер жылу жүйесі мен ас үйі бар кең зияратхана ғимаратын салуға ерекше көңіл болды. Зияратхана екі үлкен бөлмеден тұрады, мұнда зиярат етіп келушілер тамақтанады, қонады және т.б. Зияратханадан басқа тағы қосымша шаруашылық жайлары, сарай және құрбандыққа шалынатын малдарға арналған қора бар.

Бұл мазар кешені Исабек ишанға және оның ұрпақтарына бөлінген жерге (жайлауға) қашық емес Әулие көлге (Қасиетті көл) жақын жерде орналасқан. Исабек ишан Әулие көл жағасында медресенің (дүкен) негізін қалады, онда жергілікті халыққа мұсылманша білім берілді (6). Жергілікті халықтың айтуы бойынша, бұл дүкеннің  қабырғаларының қалдықтарын мазар кешенінен қашық емес жерден әлі де көруге болады. 

Қасиетті бұлақ - ішіндегі құдығы бар шағын ғимарат. Ондағы судың дәмі тұздылау. Кеңестік кезеңде ақпарат көзі де болған жоқ. Жергілікті деректерге сүйенсек, оны 2011 жылы жергілікті қария «қайта ашқан». Негізгі демеушілер мен құрылысшылардың бірімен болған сұхбатқа сәйкес, Кеңес өкіметі орнағанға дейін емдік судың қайнар көзі құдық түрінде болған, бірақ кейіннен бұл бұлақ жоғалып кеткен екен. Зиярат ету рәсімі кезінде бата мен ем ретінде  Исабек пен оның ұрпақтарының қабірінен бірнеше уыс топырақ алатын, бірақ 2011 жылы қалпына келтіру жұмыстары кезінде қабірлер ұлутас плиткаларымен жабылды. 2011 жылы құрылыс кезеңінде жергілікті тұрғындардың бірі жабылып қалған бұлақ көзін табуға көмектесті. Бірнеше мәрте жасалған әрекеттің нәтижесінде бұлақ (құдық) табылып, оның үстінен шағын ғимарат тұрғызылды. Содан кейін құдықты «тазарту» үшін оған Меккеден 63 литр зәмзәм суын құю туралы шешім қабылданды (63 жыл - Мұхаммед пайғамбардың жасы). Зәмзәм су Меккеден Абзаминовтар отбасының арқасында әкелінді. Су құдыққа салтанатты түрде құйылды. Бұл рәсім қасиетті орынның зиярат етіп келушілер мен жергілікті тұрғындар үшін құдыретті күшін арттыра түсті. 

Пайдаланылған кезең: Мазар кешені XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басынан бері жұмыс істеп келеді. Кеңестік кезеңде зиарат  немесе қажылық қожа руын қадірлей отырып, көбіне жасырын түрде жалғасты. Қожа руының Жандарбек ишан және Әшім қожа (шамамен 1963 ж. қайтыс болған)  сияқты өкілдері мазар кешені мәртебесін және қасиетті отбасының рөлін сақтап қалуда маңызды рөл атқарды (7). Әшім қожа да Исабек ишан ұрпағы және шырақшы немесе қасиетті орынның қарауылы болған. Әшім қожадан кейін 2011 жылға дейін тұрақты қарауыл болған жоқ және зиярат етіп келушілер өздерін Исабек отбасының бір мүшесі қасиетті жерге дейін ертіп апаруы үшін Ақкөл ауылына жиі келетін. Қазіргі шырақшы Ерғали – Исабек ишанның ұрпағы. Мазар кешеніне зиярат етіп бару көбінесе аймақтың климаттық ерекшеліктеріне байланысты маусымдық сипатқа ие, яғни қыста мазар кешеніне Ақкөл мен Екібастұз жағынан жол көліктері өте алмай қалады.


 

Негізгі қызметтері: Исабек ишан кешені - Павлодардан және көршілес облыстардан келетін қазақстандықтар үшін мұсылмандық зиярат ететін негізгі орындардың бірі. Сондай-ақ, зиярат етуге адамдар Ресей Федерациясының шекаралас облыстарынан, мысалы, Омбы облысынан келетін кездері болды. Мұсылмандардың қасиетті мазарға зиярат ету мақсаттары аурудан айығу, бала көтеру мәселесі және басқадай жағдайлар болып табылады. Қасиетті орынға әулие немесе ишан тірі кезде де зиярат етіп келетіндер болса керек. Тарихшы профессор Альфрид Бустанов ХІХ ғасырдағы Новосибирск өлкесінен шыққан сібір татарларының бір тобы Исабек ишанға қайтыс болардан бұрын зиаяат жасап келгені туралы деректерді зерттеген. Исабек қайтыс болғаннан кейін оның жерленген жері Нұра, Селета және т.б. өзендердің алабында өмір сүрген көптеген қазақстандық мұсылмандардың зиярат ету орнына айналды. Исабек ишан рудың пірі (сопылардың басшысы), әулие және сонымен бірге айналасындағы халықтың саяси көсемі болып саналды, ол науқастарды сипау арқылы немесе дұғамен емдеді, болашақты болжай білді, рулар арасындағы дауды және айтыс-тартыс мәселелерін және т.б. шеше алатын.  

Орталық Азияда жаңа кезеңдегі мұсылмандық дәстүрдегі барақат немесе қасиеттіліктің дару құбылысы Исабек ишан мен оның ұрпақтарының мысалынан көрініп тұрғандай, рухани жағынан берілуден гөрі отбасылық, туыстық жағдайларға байланысты болды. Исабек ишанның немересі Жандарбек кеңестік кезеңде әулиелік дәстүрді жалғастырушы  қасиетті адам болды. Кеңестік модернизация кезеңіндегі совет азаматы және соғыс ардагері болған Жандарбек, сондай-ақ, мұсылман дінін ұстанған қасиетті адам, әрі жергілікті рухани көсем бола алды. 1996 жылы Жандарбек қайтыс болғаннан кейін, ол да ата-бабалары (Исабек ишан және басқалары) сияқты Исабек ишанның мазарына жерленді. Осылайша зиярат етушілер алдымен Исабектің қабіріне барып, содан кейін Жандарбектің қабіріне келеді. Зиярат ету рәсімі бірнеше кезеңнен тұрады:

а) мазарға келу және шырақшымен танысу, 

ә) мұсылманша дәрет алу рәсімін орындау, 

б) қасиетті кешенге бару, мұнда ширакшылар құран оқиды, сонан соң келушілер алдымен Исабек мазарына кіріп, оның қабірі мен құлпытасына қол тигізеді, содан кейін Жандарбек мазарына зиярат етеді, мұнда олар ұлутаспен жабылған қабірге қолдарын тигізеді, тіпті оның үстіне жатады),

в) тамақтану және демалу,

г) мазар кешеніне бірнеше рет бару, науқас зияратшылар үшін шырақшы «ұшықтау», яғни аурудан айықтыру рәсімін өткізеді, 

ғ) қасиетті орынға жақын зиратханада түнеу, яғни «түнеу» рәсімін орындау, таңертең қасиетті кешенді соңғы рет айналып өту, қасиетті құдықтан су алу және мазар кешенінен шығу. 

Зиярат етушілердің құрбандықтары әр түрлі сипатта: көбіне ақша, азық-түлік, зиярат етіп келген күні құрбандыққа шалынатын малдың еті түрінде болады. Құрбандыққа шалынатын малдың, негізінен қойдың еті, зиярат етушілердің өздеріне беріледі. Кейбір ауыр сырқаттары бар зиярат етушілер зияратханда үш күн немесе одан да көп түнеп, күн сайын зиярат жасайды. Зиярат етудің өзі мистикаға толы, кейде таңғажайып нәрселер (кереметтер) болып тұрады, мысалы, науқас адамдар рәсімнен кейін немесе тіпті рәсім кезінде кенеттен жазылып кетіп жатады. Зиярат етушілердің арасында басқа конфессиялардың өкілдерін де кездестіруге болады, Исабектің отбасының айтуы бойынша оған рұқсат етілген, өйткені Исабектің өзі бірнеше рет орыс шаруаларын емдеген.

 

Діни бағыты: сунниттік ислам, ханафи мазхабы

 

Негізгі қызықты орталығы: Исабек пен оның ұрпақтарының мазарлары, қасиетті су бұлағы және зияратхана.

 

Жоспар: Металл қоршауымен қоршалған қасиетті мазар Ақкөл ауылынан 15-18 км қашықтықта ашық далада орналасқан. Негізгі объектілері Исабек ишанның үш күмбезді мазары (онда оның ұлы мен інісі жерленген), сондай-ақ маңызды мазар Жандарбек ата зираты да жақын жерде орналасқан, ал айналасында осы қасиетті рудан шыққан жақын туыстарының қабірлері бар. Зираттан шамамен 200 метр қашықтықта зияратхана (зиярат етушілерге арналған үй) қосымша құрылыстары бар. Зиаратханаға күн батареялары мен бензин генераторы арқылы жарық беріледі. Зияратхананың қасында келушілер отыруға болатын жаппасы бар шағын мешіт бар. Мешіттен шамамен 100 метр жерде қасиетті құдық бар.

 

Ең жақын елді мекен: Ақкөл ауылы. Фотогалереяны қараңыз.

 

Жолы: Екібастұздан Ақкөлге дейін жағдайы орташа дәрежеде қанағаттанарлықтай асфальт жол бар. Ақкөлден қасиетті кешенге дейін (15 км-дей) жаңбырлы немесе қысқы боран кезінде жүру қиынға соғатын қара жол бар.

 

Артефактілер мен қолжазбалар: 1960 жылдардағы Әшім қожа жазбалары немесе дәптері. Қолжазбаларды қараңыз.

 

Ағымдағы жағдайды бағалау: Объект өте жақсы жағдайда.

 

Инвестиция бойынша кеңестер: Екібастұздан мазар кешеніне дейінгі жоғары сапалы жол, қасиетті кешенді электрлендіру қажет, су орталық су құбыры арқылы жеткізілуі қажет. Зиярат етіп келушілер үшін тұрмыстық жағдай жасалған мотельдер мен жылдам тамақтану орталықтары қажет.


 

Ұсынылатын ақпарат көздері:

Артыкбаев Ж. Сакральные места: загадка святого озера Акколь https://e-history.kz/ru/news/show/5786/

Bigozhin. U. “Sacred Geographies in the Eurasian Steppes: Aqkol Shrine as a Symbol of Kazakh Ethnicity and Religiosity” Journal of Ethnology and Folkloristics 13 (2): 131–133 Dec. 2019

«Исабек-ишан Хазірет кесенесі» https://qazaqgeography.kz/kz/expeditions/mavzoley-isabek-ishan-khazret

Bigozhin, Ulan. "Nation-Building and a School Play in a Kazakh Saint’s Jubilee." Central Asian Affairs 5, 1: 16-31

Bigozhin, Ulan. "Local Politics and Patronage of a Sacred Lineage Shrine in Kazakhstan." Central Asian Affairs 5, 3: 233-252

Frank, Allen J. 2013. “Sufis, Scholars, and Divanas of the Qazaq Middle Horde in the Works of Mäshhür Zhüsip Köpeyulï.” In Islam, Society and States across the Qazaq Steppe (18th– Early 20th Centuries), edited by Niccolò Pianciola, and Paolo Sartori, 213–32. Wien, Austria: Verlag der Österreichischen Akademie der Wissenschaften.

Қожа Атам мен өз Атам. Исабек-ишанның ұрпағы Жандарбек ата туралы естеліктер 

https://kozhalar.kz/20208663-qozha-atam-men-oz-atam


Фотогалерея


Карта


Қолжазбалар

 

 

 

pkk.rosreestr.ru/arcgis/rest/services/PKK6/CadastreSelected/MapServer/export