Назарбаев Университетінің Тарих, Философия және Дінтану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының докторы. Жобаның басты бастамашысы мен ғылыми жетекшісі. Жобаны жүзеге асыру барысында бірқатар далалық экспедициялардың жетекшісі болып, Ресей мен Қазақстанның мұрағаттарында зерттеулер жүргізді.
Назарбаев Университетінің антропология және әлеуметтану кафедрасының инструкторы. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарындағы GIS әдістерінің сарапшысы. Жобада электрондық атластың архитектурасы мен веб-сайт құрылымын дамытуға жауап береді.
Назарбаев Университетінің антропология және әлеуметтану кафедрасының доценті. Ұлан Бигожин жоба аясында Исабек Ишан мазар кешенін, Маңғыстау облысындағы Бекет-Ата мазарын, Қызылорда облысындағы Қалжан медресесін және Қарағанды облысындағы Құнанбай мешітін зерттеп жатыр.
Назарбаев Университетінің Тарих, Философия және Дінтану кафедрасының доценті. Жобада Шығыс Қазақстан облысындағы Ақкөл татар мешітін зерттеп жатыр. Сонымен қатар, Розалия Семей мұсылмандарының жазбаша мұраларын зерттеуге көңіл бөлуде.
Назарбаев Университетінің Тарих, Философия және Дінтану кафедрасының доценті. Ол Ресей тарихы мен православиелік христиан тарихының маманы. Жобаның аясында Дэниэл Орал қаласындағы Құтқарушы Мәсіхтің Соборы мен Алматы облысындағы «тіршілік көзін» зерттеумен айналысады.
Назарбаев Университетінің антропология және әлеуметтану кафедрасының доценті. Ол Қазақстан аумағындағы қола дәуірі мәдениетінің археологиялық зерттеулерімен айналысады. Жоба аясында Пола Шығыс Қазақстан облысындағы Семейтау мен Көкентау обьектілерін зерттеуде.
Қазақ тілі мен Түркітану кафедрасының лаборанты. Қола және ерте темір ғасырларын зерттеумен айналысады. Жобада археологиялық топтың мүшесі болып табылып, Көкентау мен Семейтау обьектілерін зерттеуге қатысады.
Назарбаев Университетіндегі Инженерия мектебінің аға оқытушысы. IT және ғарыштық мониторинг саласындағы маман. Жобаның техникалық және бағдарламалық бөліктерінің негізгі әзірлеушісі болып табылады.
Еуразиятану магистрлік бағдарламасының 2-ші курс студенті. Жобада Темірлан мәліметтер базасын жаңартып, ғылыми іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады.