Бұл веб-платформа - әртүрлі ғылыми топтарды, өлкетану қоғамдары мен қарапайым пайдаланушыларды бір үлкен командаға біріктіруге арналған ашық ресурс ретінде құрылды. Бұл атлас - заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен пайдаланушыларға қазіргі Қазақстанның діни және киелі ландшафтының кеңістіктегі бейнелеуін ұсынады.
Атласты жасау үшін Назарбаев Университетінің бір топ қызметкерлері, «Сакралды Қазақстан» Зерттеу Орталығы және Қазақстанның Ұлттық Географиялық Қоғамы тығыз байланыста жұмыс жасап, күш біріктірді.
Атласты жасау үшін бірқатар далалық зерттеулер жасалып, сонымен қатар спутниктік карталармен, ашық GIS жүйелерімен, мәліметтер қорымен, мұражай коллекцияларымен, қасиетті жерлер каталогтарымен, мемлекеттік мұрағаттармен, діни бірлестіктердің кітапханалары мен веб-сайттар мен басқа да ақпарат көздерімен қарқынды жұмыс жүргізілді. Жиналған мәліметтер картамен байланыстырылған және бұл мәліметтер фильтрлерді пайдалана отырып, Қазақстанның киелі ландшафтының диахронды және синхронды режимдерінде бейнелеудің көрнекі құралы бола алады.
Aтластың маңызды функциясына кез-келген пайдаланушының жұмысқа араласып, киелі обьект туралы ақпарат енгізуге мүмкіндігінің болуы жатады. Барлық қызығушылық танытқан энтузиастарды осы ұжымдық ресурсты дамытуға шақырамыз.