Егер сізде әлі картаға түсірілмеген немесе ресурста ол туралы аз жазылған қасиетті объект туралы сенімді ақпараттар болса, біз сізден ол обьекті жайлы кез-келген ақпаратты алуға қуаныштымыз.
Сіздің мүмкіндіктеріңіз:
1) GPS трекер немесе смартфон арқылы, сондай-ақ Google карталарында немесе Yandex карталарындағы бақылаулар арқылы алынған координаттарды ұсыну
2) Обьектіні сипаттау үшін қысқа форманы толтыру
3) Обьектінің паспортын жасау
4) Фотосуреттерді, бейнелерді, аудио және объектіге қатысты басқа материалдарды жүктеу
5) мәтіндік түсініктемелер қалдыру
1) Қысқа форма мен паспорт формасында сізге GPS координаттары үшін екі жол ұсынылады. Сіз 5 баллдық шкала бойынша координаттардың дәлдігін бағалауыңыз керек (орнатылған шкала бойынша), мұнда 1 – объекті GPS трекер немесе смартфон көмегімен түсірілген, Google немесе Yandex карталарында жоғары дәлдікпен табылған нүктелер, 2 - объектіден 1 км радиуста табылған немесе электронды картада жақын жердегі бағдарлармен табылған нүктелер, 3 - объектіден 1-5 км қашықтықта орналасқан немесе электрондық карталарда шамамен бағдарлап табылған нүктелер, 4 - Google немесе Yandex карталарынан шамамен алынған сипаттамалар бойынша алынған, сенімділік деңгейі төмен нүктелер, 5- Google немесе Yandex карталарынан шамамен алынған сенімділік деңгейі өте төмен нүктелер
2) Толтыру үшін «Сақтау» және «Жіберу» батырмалары бар қысқа нұсқадағы онлайн-форма ұсынылады. Сонымен қатар, форманы Word немесе PDF құжаты ретінде жүктеу мүмкіндік бар. Сіз форманы толығымен немесе ішінара толтыра аласыз.
3) Толтыру үшін «Сақтау» және «Жіберу» батырмалары бар объект паспортының онлайн-формасы ұсынылады. Сонымен қатар, форманы Word немесе PDF құжаты ретінде жүктеу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда «Аяқталған форманы жүктеу» батырмасы да бар.
4) Егер сіз кез-келген графикалық файлдарды (объекті мен оның маңайындағы жерлер, артефактілер және адамдардың фотосуреттері), сондай-ақ видео, аудио немесе мәтіндік файлдармен бөлісіп, сайтта жариялағыңыз келсе, біз сізден бұл ақпаратты қуана қабылдаймыз. Әрбір жіберілген файлға пікір қалдыруыңызды сұраймыз. Ол үшін сізден файлдың сипаттамасы бар жерді толтырып, «Файлдарды жүктеу» батырмасын пайдалануыңызды сұраймыз.
5) Сонымен қатар, «Жіберу» батырмасымен тиісті жерге комментарий (100 сөзге дейін), жеке деректер(аты-жөні, тұрғылықты жері және жұмыс орны) және электрондық почтаңызды қалдыра аласыз.
Сіз ұсынған барлық ақпарат алдымен карантингекіреді, содан кейін біз ақпаратты растап, өңдеп, сайт пен картада орналастыруымыз керек.
Егер сізде сұрақтар немесе пікірлер болса, “Кері байланыс” бетіне өтуіңізді сұраймыз.
Әріптестігіңіз үшін көп рахмет!